1. Главная
  2. Новости
  3. Археология институтының ғалымдары Абай облысында

Археология институтының ғалымдары Абай облысында
23 Окт 2023

2023 жылдың  18-19 қазан  аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары Абай облысы Семей қаласына арнайы іс-сапармен барды. 

Іс-сапар барысында Археология институтытының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы Семей қаласындағы іргелі оқу орны Шәкәрім университетімен және 140 жылдық тарихы бар Семей облыстық тарихи-өлкетану музейімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Ынтымақтастық аясында Облыстың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге бағытталған ортақ ғылыми жобалар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асыру және облыс территориясындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты. Сондай-ақ, ынтымақтастық меморандумында ескерткіштерді сақтау мен қорғау мәселесінде тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісу және т.б. көптеген бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері қамтылды. 

Бүгінде Абай облысы аумағында Археология институтының ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында Көкентау археологиялық кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.