1. Главная
  2. Лаборатории
  3. Лаборатория зооархеологии

Лаборатория зооархеологии
23 Янв 2024

Мақсаты: археологиялық қазбадан табылатын остеологиялық материалдарға морфологиялық және фауналық талдау жүргізу, ежелгі мал шаруашылығы мен аңшылық кәсіптерді тарихи реконструкциялау. 

Міндеттері: 
– остеологиялық материалдарды жануар түріне ажырату;
– ежелгі археофаунаның құрамын анықтау;
– ежелгі мал шаруашылығының құрылымын, ішкі иерархиясын анықтау;
– ежелгі аңшылық кәсіптерді зерттеу, бағыттарын талдау;
– жануарлармен байланысты ғұрыптарды зерттеу; 
– модификацияланған сүйектерге археозоологиялық талдау жүгізу; 

Тарихы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтында археозоологиялық зерттеулермен алғаш рет 1970 жылдан бастап Л.А. Макарова және Т.Н. Нурумов айналысты. 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында Қ.Қашқынбаев Берел жылқыларының сүйектерін зерттеді. Кейбір жылдары Л.Л. Гайдученко, Б.У. Байшашов, П.А. Косинцев, А.Оутрам, Д.О. Гимранов, О.П. Бачура және т.б. палеонтолог, палеозоологтар археологиялық қазба барысында табылып жатқан жануар сүйектерін зерттеумен айланысты.
2018 жылы Институттың ғылыми Кеңесінде зертхана құру жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде, бірқатар техникалық-базалық және жөндеу жұмыстарынан кейін, «Археологиялық технологиялар» зертханасы құрылды. Археологиялық материалдармен жұмыс жүргізетін зертхана: керамиканы зерттеу, тас пен сүйек трасологиясы және археозоология бөлімдерінен тұрды. Археозоология бөліміне 2018 жылы б.ғ.к. Б.У. Байшашов және б.ғ.к. П.А. Косинцев шақырылып, Институт қорындағы остеологиялық материалдармен жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, аталған мамандарға зертханада бұдан әрі археозоологиялық зерттеулермен тұрақты айланысу үшін М.С. Шагирбаевты жануар сүйектерін зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесі де ұсынылып, нәтижесінде бірқатар бірлескен жұмыстар атқарылды. 2018 жылдан бастап, зертханада жануар сүйектерін М.С. Шагирбаев зерттеп келеді. 
2023 жылы 05 мамырда Институттың Бас директорының №49-ЛК Бұйрығына сәйкес, зооархеология зертханасы жеке құрылып, кадрлық әлеуеті кеңейтілді. Қазіргі таңда, зооархеология зертханасында 1 магистр, 2 бакалавр және 2 студент қызмет атқаруда. 

Қызметкерлер: 
Шагирбаев Мамбет Сапарбекович – магистр, зертхана меңгерішісі. 2018 жылдан бастап жануар сүйектерін зерттеумен айналысып келеді. Болашақ бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша РФ РҒА ОрБ Жануарлар және өсімдіктер экологиясы институтының палеоэкология зертханасында тағылымдамадан өткен. Қазіргі таңда, PhD докторантурада оқиды, ғылыми зерттеу бағыты Қазақстан аумағындағы ежелгі және ортағасырлардағы мал шаруашылығы мен аңшылық кәсіптер, жерлеу ғұрыптарындағы жануарлар рөлі, археофауна және палеоэкономика мәселелері. 
Ғылыми жариялымдары – археология және археозоологиямен байланысты 130-дан астам ғылыми жариялымдар, оның ішінде Scopus базаларында индекстелетін журналдарда, сондай-ақ ҒЖБССҚК ұсынған және РИНЦ-те индекстелетін журналдарда жарияланған мақалалардың авторы. Scopus базасы бойынша H-индексі – 2.
Агадилова Елена Ахметжановна – зертханашы. Алматы транспорт инженерлері институтын 1987 жылы аяқтаған. Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтында 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді (зертханашы). 2024 жылдан бастап зооархеология зертханасына зертханашы қызметін атқаруда.  
Таңғытова Дания Қайратқызы – зертханашы (тарих/археология). 2021 жылы Шымкент қаласы, Академик А.Қуатбеков атындағы университетінің тарих факультетін тәмамдаған. 2017 жылы т.ғ.д. профессор Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге қатысқан. 2019 жылы Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының археологиялық технологиясында зертханашы, 2024 жылдан бастап зооархеология зетханасында зертханашы болып жұмыс істейді.
Идришева Балжан Улановна – зертханашы. Алматы технологиялық универсітінің, Тағамдық технологиялар факультетінің  Мал шарашылығы мамандығының 3 курс студенті. Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі (КАЗНИИ) институтында, «Байсерке-Агро» шаруашылығына және Қазақ қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында тәжірибеден өткен. 
Қалдыбай Шоқан Бауыржанұлы – зертханашы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінің  Археология мамандығының 3 курс студенті. М. Елеуовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында орналасқан ортағасырлық Қышқала (Баршынкент) қаласының қазба жұмыстарына, Е.Ш. Ақымбектің жетекшілігімен Жамбыл облысы аумағындағы Теріс-Аса өзендерінің бойында орналасқан төрткүлдер мен ескерткіштерге жүргізілген қазбаға және М. Елеуовтың жетекшілігімен Түркістан қаласының маңында орналасқан Қарашық ортағасырлық ескерткішіне жүргізілген қазбаға қатысқан.

Зооархеология зертханасының аналитикалық құрал-жабдықтары: Зертхана МСП 23 нұсқадағы микроскопы, Levenhuk D80L LCD цифрлі монокулярлы микроскопы,  Levenhuk DTX 700 LCD микроскопы, жоғары дәлдіктегі кесу машинасы, тегістеу құрал, Nikon фотоаппараты, электронды таразы,  сандық штангенциркульдер (бірнеше өлшемдегі), сүйектерді жууға арналған құрылғылармен қамтамасыз етілген. 
Салыстырмалы эталон коллекциясы: Археологиялық қазбадан табылатын жануар сүйектерін белгілі бір түрге нақты, сенімді және дәл анықтау үшін қазіргі заманғы жануар қаңқаларынан құралған салыстырмалы сүйектер жинағының қолжетімді болуы өте маңызды. Сондықтан зооархеологиялық зертханалар өздерінің эталон коллекциясын үнемі толықтырып, кеңейтіп отырады. Салыстырмалы эталон коллекциясы археозоологиялық сипаттаулар мен тафономиялық талдауды жеңілдетеді және зерттеушілер үшін Қазақстан аумағындағы археофауна кешендерін талдауға мүмкіндік береді. 

Зооархеология зертханасында көрсетілетін қызмет түрлері: 
1. Таксономиялық талдау (жануар түрін анықтау); 
2. Қаңқа элементтерін анықтау;
3. Қаңқа бөліктерін анықтау;
4. Жануардың жас және жыныстық ерекшеліктерін анықтау;
5. Жануарлардың сойылған/өлген мезгілдерін анықтау;
6. Морфометриялық зерттеулер жүргізу;
7. Сүйектердегі патология мен модификацияланған (остеофагия, кемірілген, өңделген және т.б.) элементтерді зерттеу;
8. Статистикалық талдау жүргізу (STATISTICA, past PALEONTOLOGICAL STATISTICS және QGIS бағдарламалары бойынша)

Зооархеология зертханасында қолданылатын зерттеу әдістері:
1. Салыстырмалы-морфологиялық әдіс;
2. салыстырмалы-фауналық әдіс;
3. Жануар жасын анықтау: Сильвер әдісі (эпифиз және тіс бойынша); Грант әдісі (тістің қажалу үдерісі) және т.б.;
4. Статистикалық әдістер (биометрия);
5. Жануар тісіндегі жыл қабаттарын оқу әдісі