Профессор Зайнолла Самашев Парижде баяндама жасады
27 Сен 2025
2025 жылдың 18 қыркүйегінде Француз Республикасының Елшілігінің ресми шақыруы бойынша Париж қаласында «Қазақстан археологиясы: Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жетістіктері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
BR24992916 «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жобасының аясында белгілі археолог, профессор, т.ғ.д. Зайнолла Самашев конференцияда «Шығыс Қазақстандағы жаңа археологиялық ашылымдар» тақырыбында баяндама жасады.
Бұл ғылыми шара Қазақстан мен Франция арасындағы археологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, жаңа нәтижелерді халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік берді.